Колледж студенттері Орынбор теміржол көлігі техникалық мектебімен халықаралық ынтымақтастығы аясында «Білім және көлік: теориядан практикаға» атты ІІІ Халықаралық жастар ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Конференцияның міндеттері: ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын, көліктегі ғылым, білім және өндірісті біріктіру жолдары мен нысандарын анықтау; қазіргі білім мен тәрбиенің бар концепциялары мен парадигмаларын жалпылау.
Конференцияның ғылыми бағыттары:
1-бөлім Көлік жүйесінің қазіргі жағдайы және даму болашағы,
2-бөлім Темір жол көлігіндегі цифрлық технологиялар, бөлім,
3-бөлім Көлік біліміндегі жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық аспектілер,
4-бөлім Көліктегі экологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау,
5-бөлім Білім беру және өндірістік салалардағы денсаулықты сақтау.
2-ші бөлім бойынша «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандығының 2 курс студенті Олег Закорюкин «Қашықтан басқаруға негізделген пойыздар қозғалысын интервалдық басқару жүйесінің тиімділігі» жобасымен таныстырды.
Олегтің жұмысы конференция материалдарының жинағына енгізіліп, жетекшісі Смағұлов Бегайдар Зарлыханұлы қатысушыны дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.