img

2024 жылғы 25 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК кітапханашылары «ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ студенттері үшін «Туған өлкеңнің Қызыл кітабы» экологиялық-өлкетану сағатын өткізді. Іс-шара ҚИНЭУ кітапханасында Қазақстан Президенті Қ. – Ж. Тоқаевтың бастамасымен экологиялық проблемаларға және табиғатымыздың тазалығын сақтаудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару үшін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтті. Жас ұрпақ өкілдері Халықаралық Қызыл кітап пен Қазақстанның Қызыл кітабының пайда болу тарихын білді. Студенттерге Қостанай облысының аумағында мекендейтін жануарлардың Қызыл кітап түрлерінің тізімі ұсынылды. Кітапханашының әңгімесі электронды презентациямен сүйемелденіп, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсаттары мен міндеттері туралы бейнебаян көрсетілді. Іс-шара соңында жүргізуші жастарды табиғатты қорғауға және оны сақтау жөніндегі акцияларға белсенді қатысуға шақырды.