img

ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінің бірінші курс студенттері “Волонтерлік ұйымның креативті атауы,ұраны, эмблемасы”байқауына қатысты.
Оның мақсаты-ерікті еңбек арқылы бірлікті және жақсы қоғам құруға деген ұмтылысты бейнелеу. Байқауға қатысу студенттерге өз шығармашылығын және еріктілік құндылықтарына адалдығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Балалар қатысушыларды өзара көмек пен қолдау рухын бейнелейтін жарқын символ жасауға жұмылдыратын волонтерлік ұйымның креативті атауын ойлап тапты. Эмблема Волонтерлік қызметті танымал ету және жастарды қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға тарту үшін маңызды элемент болды.
Көптеген жұмыстардың ішінен барлық талаптарға сай келетін 6 үздік таңдап алынды: ұйымның атауы 3 тілде, логотип, ұран, бағдарлама! Барлық аспектілерді ескере отырып, еріктілер командасының ең жақсы нұсқасын бағалауды және таңдауды ұсынамыз, сізге ұнайтын конкурстық жұмысқа байланысты пкірлеріңізде 1-ден 6-ға дейінгі санды жазыңыз!