img

Жалпы білім беру пәндері онкүндігі аясында Исакова А.М. колледж ұжымы арасында  «Умники и умницы»  атты интеллектуалдық  ойын өткізді.

Интеллектуалдық ойын ұжымдағы әріптестерді біріктіріп, қызығушылық, командалық рух  және білімге деген ұмтылыс атмосферасын қалыптастырды. Қатысушыларды  қызықты  сұрақтар, қызу пікірталас, логика, эрудиция және шығармашылық ойлау қабілеттерін көрсету мүмкіндігі күтті.

Әрбір кезең тартысты, бірақ достық жағдайда өтті: командалар жауаптарды белсенді талқылап, бір-бірін қолдап, жетістіктеріне қуанды. Бұл тек білім деңгейін  тексерудің ғана емес, сонымен қатар ұжым ішіндегі өзара қарым-қатынасқа жаңаша көзқараспен қараудың тамаша мүмкіндігі болды.

Барлық қатысушыларға белсенділік, күш-жігер және ерекше атмосфера үшін алғысымызды білдіреміз!