img

03.02.2026 ж. «Ақпараттық пәндер» ПЦК онкүндігі аясында арнайы пәндер оқытушысы В.В. Федоренко «Құрастыру құралдары және Git» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оған «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2ПОВТ-23Б тобының студенттері қатысты.

Студенттер бағдарламалық жобаларды құрастыру құралдарының мақсатымен, git жүйесінің жұмыс принциптерімен танысты.

Топ 6 командаға бөлінді. Сабақ барысында әр команда жобаны құрастыру тапсырмасын өз бетінше орындады. Сабақ соңында командалардың әрқайсысы бағдарламалық өнімді әзірлеудің толық процесін түсіндірді.