
2023 жылдың 11-15 қыркүйегі аралығында «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесінде «Облыстық психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» КММ қызметі жайлы, «Қиын болса хабарлас» ақпараттық-түсіндіру акциясы өтіп, сенім телефонының жұмысы туралы айтылды.
Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, студенттерге психологиялық көмек көрсету, кәмелетке толмағандардың, ата-аналар мен оқытушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында педагог-психолог Ж.Қ.Алимова қоғамдық кураторлармен бірге 1-2 курстың әрбір студентіне үндеу парақшалары мен визиткаларды таратты, сонымен қатар ата-аналарға What Sapp чаттарына, колледж оқытушыларына да визиткалар ұсынылды.