
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі, осыған байланысты «ҚИн
ЭУ кәсіпкерлік колледжі» жеке мекемесінде педагог-психолог Ж.Қ.Алимова Қостанай облыстық «Сеніммен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиалынан спикер ретінде шакырылған Алпысбаева Гүлжан Жақсылыққызы, Арыстан Базаркүл Қапарқызы конактармен бірлесіп, отбасы тақырыбына әңгіме өткізді.