img

6 сәуір 2026 жылы колледжімізде жалпы білім беру пәндері онкүндігінің ашылуына орай химия пәні оқытушысы Баймуратов Жанболат Рамазанович 1А-52кБ тобында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың барысында студенттер белсенділік танытып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді. Түрлі тапсырмалар, сұрақ-жауап және интерактивті әдістер арқылы тақырып жан-жақты ашылды.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.
Алда әлі де қызықты сабақтар мен іс-шаралар күтіп тұр!