img

28 мамырда колледжімізде «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills 2025 Қостанай» регионалдық чемпионаты аясында екі күндік сайыстар басталды.

Сайысқа қатысушыларға колледж директоры Казаков Анатолий Иванович салтанатты сөзбен құттықтау жасап, конкурсанттарға табыс, өз күштеріне сенімділік және адал бәсекелестік тіледі.

Конкурс барысында бас сарапшы ретінде Алқамбай И.Е. қызмет атқарды, ол сайыстың барлық кезеңдерін орындауды және WorldSkills стандарттарын сақтауды бақылап отырды.

Бірінші күні қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, екі негізгі тапсырманы орындады: мехатроника өндірістік станциясын монтаждау, бағдарламалау және пайдалануға беру; мехатроника өндірістік желісін орнату, бағдарламалау және іске асыру. Конкурста колледжіміздің студенттері қатысты.

Барлық қатысушыларға сәттілік және лайықты нәтижелер тілейміз!