Облыстан финалға өткен 4 жұмыстың ішінен ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенті Файзулла Ерболаттың жұмысы ғана жүлделі орынға ие болды.
Файзулла Ерболат өңірді абыроймен таныстырып, «Мен-кәсіпкермін» республикалық Гранд — турнирінде «Көлік және логистика» бағытында 3 орын алды.
Бұл үлкен жетістік және біздің студенттердің дайындық сапасын мойындау! Лайықты нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!