img

Колледж студенттері «Ілияс оқулары» республикалық байқауына қатысты.

Байқаудың мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау, жастардың кітап оқуға деген ынтасы мен талаптарын ашып, көркемдік шеберлігін шыңдау.

Байқауды ұйымдастырушы – «Akberen Education» республикалық оқу-шығармашылық журналы. Байқау шарты бойынша қатысушы Ілияс Жансүгіровтің өлеңін жатқа оқып, өзін таныстырып, бейнеролик түсіруі тиіс.

Жалпы білім беретін пәндер оқытушылары гуманитарлық ғылымдар магистрі Тавтыбаева Алия Аблаевнаның, педагогика ғылымдарының магистрі Данченко Татьяна Владимировнаның жетекшілігімен «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану» мамандығының 1 курс 1ЭКС-2Б тобының студенттері – Сайпырханов Оразай, 1УА-20Б тобы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Виктория Платонова, Тарицына Карина, 1М-30 тобы Кәкім Наргүл «Менеджмент» мамандығы бойынша, 1ТМ-16 тобы «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша Бибер Роман, Мирончик Станислав, Жерибко Илья тапсырмаларды сәтті орындады.

Қорытындысында ІІ орын – 3, ІІІ орын – 4, барлық қатысушылар дипломдармен марапатталса, жетекшісі Тавтыбаева Алия Аблаевна, Данченко Татьяна Владимировна Алғыс хатпен марапатталды.