img

Бүгін техникалық бөлім студенттері үшін “ЭПК-FORFAIT” ЖШС компаниясының өкілі — бас инженер Жаслан Клышевпен қонақ дәріс өтті.

Жаслан кәсіпорынның қызметі, өндірістің заманауи технологиялары және машина жасау саласындағы жас мамандарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. 💡
Спикер кәсіби дайындық, еңбек тәртібі және практикалық дағдылардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Студенттер қызығушылықпен сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті және болашақ мансап үшін құнды кеңестер алды.

👏 “EPK-FORFAIT” ЖШС-не біздің студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қосқан үлесі және ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!

# Кәсіпкерлік колледжі #техникалық бөлім #Машина жасау # EPKFORFAIT #қонақтар кеші # өндіріс #мамандық # ынтымақтастық