Бүгін біздің ұжымда ерекше рухани шара өтті – музыкалық флешмоб «Қазақтың 100 әні»!
Бұл іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай музыкалық мұрасын насихаттау, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру және жастарды ұлттық құндылықтарға баулу болды.
Флешмоб барысында қатысушылар халқымыздың ең сүйікті әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әрбір ән- қазақ тарихының, мәдениетінің және рухының айғағы болды.
Іс-шараға оқушылар, ұстаздар белсене қатысып, қазақтың дәстүрлі және заманауи әндерін бірге шырқады. Көрермендер ерекше әсер алып, ұлттық өнердің мәңгі жасайтынына тағы бір мәрте көз жеткізді.
«Қазақтың 100 әні» флешмобы – бұл тек музыкалық шара емес, бұл -бірліктің, мәдени мұраға деген құрметтің және ұлттық рухтың көрінісі!