
- ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бүгін колледжде «Нұрбанк» АҚ әлеуметтік серіктесінің өкілдерімен, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 3-курс студенттерімен және «Менеджмент (салалар бойынша)» мамандығы бойынша 2-курс студенттерімен кездесу өтті. Банк қызметкерлері презентация көрсетіп, студенттерді банк құрылымында жұмыс істеу жүйесімен, жұмыс жағдайларымен, сондай-ақ практикадан өту немесе жұмысқа орналасу жағдайында болашақтағы мансаптық өсу мүмкіндіктерімен таныстырды. Студенттер қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды: жалақы, демалыс ақылары, жоғары білім алған жағдайда кәсіпорын тарапынан қолдау және басқа да әртүрлі сұрақтар. Кейбір студенттер «Нұрбанк» АҚ-да практикадан өтуге ниет білдірді.




.
- ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІҢ НЫСАНЫНДАҒЫ ЭКСКУРСИЯ
Жұмысшы мамандықтары жылына байланысты бүгін 14 наурыз, ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің “Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару”мамандығының 3курс (3ОПУ-45Кб)студенттерімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қостанай Темір жол» филиалына арнайы шақыртуымен экскурсия өткізілді. Онда студенттер сұрыптау дөңесі және дөңестегі машиналарды бөлшектеу көрді. Қашықтан басқару тақтасы арқылы,пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын және де сигналдарды басқаруды,бағыттамалық бұрмаларды аударуды,сондай-ақ маневрлік жұмыстарды көрді.




