img

2026 жылғы 22–23 қазанда Астана қаласындағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша студенттер арасында «Rail Traffic ProSkills» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқауға Қазақстан мен Қырғыз Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Қостанай облысының атынан КИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің студенті Науразбаева Асем Амангельдиевна қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Асем II орынға ие болды.
Байқауға сарапшы ретінде КИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Акмухамбетова Бати Канашевна қатысты.
Асемді жүлделі орынмен құттықтаймыз! Бати Канашевнаға сарапшылық жұмысы үшін, сондай-ақ педагогтерге, тәлімгерлерге және ұйымдастырушыларға байқауды өткізуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!