img

24 маусымда «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша 4ОПУ-49Б тобы білім алушыларының қорытынды аттестаттауы өтті.

Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамына:

Комиссия төрағасы:

  • Чингинин Жаслан Ирсынұлы – «Железорудная» станциясының бас инженері.

Комиссия мүшелері:

  • Жақсылықова Күнсұлу Салыковна – арнайы пәндер оқытушысы;
  • Ақмұхамбетова Бати Канашовна – арнайы пәндер оқытушысы.

Қорытынды аттестаттау барысында түлектер жоғары деңгейдегі кәсіби даярлықтарын көрсетіп, алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сәтті дәлелдеді. Аттестаттау қорытындысы бойынша бес түлек емтиханды «өте жақсы» деген бағамен тапсырды.

Түлектерді қорытынды аттестаттаудан сәтті өтуімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметтерінде толағай табыс, мансаптық өсу, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарының орындалуын тілейміз!