19 маусым күні «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алушылардың қорытынды аттестаттауы өткізілді.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамында:
- Комиссия төрағасы – Мнайдаров Дамир Дулатович, «Astana Hub» автономды кластерлік қорының Қостанай қаласы бойынша филиалының директоры;
- Комиссия мүшесі – Искендиров Амир Маликович, «Отбасы банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы;
- Комиссия мүшесі – Тшанов Жанат Маратович, арнайы пәндер оқытушысы.
Қорытынды аттестаттау нәтижесі студенттердің жоғары дайындық деңгейін көрсетті: 12 түлек «өте жақсы» бағасын алды, қалған студенттер аттестаттауды «жақсы» бағамен сәтті тапсырды.
Комиссия мүшелері ерекше атап өткен түлек – Скачкова Арина Александровна. Ол қорытынды аттестаттауды «өте жақсы» бағамен тапсырып қана қоймай, қазіргі уақытта «Отбасы банк» АҚ-да табысты еңбек етуде. Бұл оның кәсіби дайындығы мен білім сапасының жоғары деңгейін айқын көрсетеді.
Түлектерімізді қорытынды аттестаттауды сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби жетістіктерге жетіп, еңбек жолында биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.