img

16 маусым күні «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауы өтті. Аттестаттау комиссиясының құрамында:

Лисогор Марина Георгиевна – ҚИнЭУ им. М. Дулатовтың бас бухгалтері, аттестаттау комиссиясының төрайымы;

Бильская Нина Васильевна – «Мир ОКОН» ЖШС басшысы;

Байжанова Гульнара Қаппасқызы – арнайы пәндер оқытушысы болды.

Аттестаттау барысында студенттер бухгалтерлік есеп пен аудит саласы бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижесі бойынша 7 студент «өте жақсы» бағасын алды, қалған білім алушылар «жақсыбағасымен тапсырды.

Түлектерімізді қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтуімен құттықтаймыз! Оларға кәсіби қызметтерінде табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын болашақ тілейміз!