img

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім беру үдерісін жетілдіру аясында «КИнЭУ Жоғары кәсіпкерлік колледжі» ЖМ Қоқан теміржол техникумы №4-пен тәжірибе алмасу мақсатында онлайн кездесу өткізді.

Іс-шараны колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Сауле Батырхаировна ашып, білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылдың, озық тәжірибелермен алмасудың және мамандар даярлауда заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу бағдарламасында келесі баяндамалар ұсынылды: «Оқытушылардың кәсіби шеберлігінен білім алушылардың жетістіктеріне дейін: пәндік-циклдік комиссия қызметі» — пәндік-циклдік комиссия төрайымы Жанұзақова Айгерім Нұржанқызы; «Теміржол көлігі мамандарын даярлау: сабақтар және оқытудың заманауи әдістері» — арнайы пәндер оқытушысы Жақсылықова Күнсұлу Салыққызы;«Арнайы пәндер сабақтарында жасанды интеллектті қолдану» — арнайы пәндер оқытушысы Мұратов Бекнұр Абсатұлы; «Колледжден халықаралық тәжірибеге дейін: «Мехатроника» құзыреттілігін дамыту» — арнайы пәндер оқытушысы Алқамбай Индира Есенқұлқызы; «Колледждегі және станциядағы тәжірибе: бір даярлықтың екі кезеңі» — арнайы пәндер оқытушысы Шолохова Ирина Сергеевна.

Қоқан теміржол техникумы №4 оқытушылары өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Өз баяндамаларында олар теміржол саласы үшін мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарын таныстырып, сондай-ақ білім беру қызметінде заманауи оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі туралы баяндады

Іс-шара барысында қатысушылар теміржол саласы үшін кадрлар даярлаудың өзекті мәселелерін, инновациялық білім беру технологияларын қолдануды, оқу үдерісінде жасанды интеллектті пайдалануды, сондай-ақ тәжірибеге бағытталған оқыту мен білім алушылардың халықаралық құзыреттерін дамыту мәселелерін талқылады.

Өткізілген кездесу оқу орындары арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болып, кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал етті және болашақтағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады.