img

25 мамыр күні Қостанай қаласының Сити-орталығында «Студенттік Арбат» кәсіби бағдар беру көрмесі өтті. Көрмеде «КИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжі» ЖМ өкілдері 9–11 сынып оқушыларын колледж мамандықтарымен таныстырды. Болашақ талапкерлерге оқу бағыттары, тәжірибеден өту мүмкіндіктері мен жұмысқа орналасу перспективалары туралы айтылып, оқуға түсу және студенттік өмірге қатысты қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.Іс-шара аясында колледж студенттері шығармашылық нөмірлер орындап, көрме қонақтарына көтеріңкі көңіл күй мен мерекелік атмосфера сыйлады. Іс-шара оқушыларға мамандықтармен жақынырақ танысып, болашақ кәсібін таңдауға алғашқы қадам жасауға тамаша мүмкіндік болды.