img

Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен студенттерін біріктірген «Идеялар хакатоны» облыстық байқауы КМҚК «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» базасында өтті.

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде қатысушыларға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ директорының орынбасары Бокаева Марал Мендыбайқызы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол жастардың инновациялық ойлауын, жобалық қызметін дамыту мен шығармашылық бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша колледжіміздің өкілдері жоғары нәтижелер көрсетті. Арнайы пәндер оқытушысы Федоренко В.В. кәсіби шеберлігі мен инновациялық көзқарасын танытып, І орынға ие болды.

Ал 2-курс студенттері Буяк Кира мен Рахметова Альбина байқауда ІІІ орын иеленіп, колледж намысын абыроймен қорғады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!