Өңірлік WorldSkills чемпионатының қатысушысымен таныстырамыз!
18–20 мамыр аралығында «IQOSTANAY» алаңында өңірлік WorldSkills чемпионаты өтуде. Чемпионатта ҚИнЭУ жоғары кәсіпкерлік колледжі 3-курс студенті Екатерина Шикина «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша өз шеберлігін көрсетуде.
Қатысушыны дайындау және сүйемелдеуді колледж сарапшысы — Гульзада Қуанышқызы Бесжан жүзеге асыруда.
Креативтілік, тың идеялар, жылдамдық пен кәсібилік — мұның бәрі чемпионат қатысушыларын күтуде!
Екатеринаны қолдайық! Оған сәтті өнер көрсетуін, шабыт пен жоғары нәтижелер тілейміз!
