img

Бүгін колледжімізде онкүндік аясында студенттердің туған өлке туралы білімдерін кеңейтуге, оның тарихы, мәдениеті мен ерекшеліктерін танып-білуге бағытталған «Туған өлке сыр шертеді» атты танымдық әрі қызықты квест өтті.

Іс-шараға 1 курс студенттері өз жетекшілерімен бірге қатысты. Квест бағдарламасы әртүрлі тапсырмалардан тұрды: зияткерлік сұрақтар, логикалық тапсырмалар, сондай-ақ шығармашылық және командалық кезеңдер. Қатысушылар тек білімдерін ғана емес, сонымен қатар тапқырлықтарын, зейінділіктерін, командада жұмыс істеу қабілеттерін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.

Әр команда бірнеше бекеттерден өтіп, туған өлке туралы қызықты мәліметтермен, оның дәстүрлері мен мәдени мұрасымен танысты. Іс-шара барысында достық атмосфера, жеңіске деген ұмтылыс пен өзара қолдау ерекше байқалды.

Квест қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — 1ОПУ-53Б тобы
2 орын — 1А-52кБ, 1УА-22Б топтары
3 орын — 1ТМ-21Б, 1ПОВТ-25Б, 1Э-25Б топтары

Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің танымдық қызығушылығын арттырып, командалық рухты қалыптастыруға және туған өлкеге деген құрметті нығайтуға ықпал етеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушылар мен жетекшілерге белсенділік, бастамашылдық және жоғары деңгейде көрсеткен еңбектері үшін алғыс білдіреміз!