img

11 сәуір күні бүкіл қала сенбілікке шықты, біздің колледж де бұл бастамадан тыс қалмады. Студенттер экологиялық акцияға белсенді түрде қатысты. Іс-шараға шамамен 100 адам — колледжіміздің білім алушылары мен қызметкерлері қатысты.

Сенбілік барысында оқу орнының және оған іргелес аумақтардың тазалау жұмыстары жүргізілді: қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын да ретке келтірді.

Осындай іс-шараларды өткізу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілік пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.