img

📚 Дүниежүзі тарихы пәнінен ашық сабақ

Жалпы білім беретін пәндер онкүндігі және «Үздік жас мұғалім» байқауы аясында 1 ОПУ 53 «Б» тобында Клышбаева Д.К. оқытушысының ұйымдастыруымен дүниежүзі тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.

Сабақтың тақырыбы – «Ежелгі Қосөзен» – адамзат тарихындағы маңызды өркениеттердің бірі. Сабақ қызықты әрі белсенді форматта өтті: студенттер шығармашылық және топтық тапсырмаларды орындап, Қосөзен халықтарының мәдениеті, жетістіктері мен тұрмыс-тіршілігін талқылады.

Осындай формат білімді тереңдетіп қана қоймай, командалық жұмыс, сыни ойлау және креативтілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Клышбаева Д.К.-ға байқауда сәттілік пен кәсіби табыс тілейміз! 👏