img

ПЦК ОД декадасы аясында бүгін ағылшын тілі пәнінен “Spelling Bee” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараға бірінші курс студенттері: 1ПОВТ-25Б, 1ПОВТ-26Б және 1 ОПУ-53Б топтары қатысып, өз білімдерін, зейінділігін және сөзбен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің орфографиялық дағдыларын дамыту, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Міндеттері: сөздік қорын кеңейту, сөздерді дұрыс айту және жазу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.
Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар ағылшын сөздерін дұрыс айтып, әріптеп айту шеберліктерін көрсетті. Екінші кезең шығармашылық сипатта өтті — музыкалық конкурс, онда студенттер тыңдалым дағдыларын және ағылшын тіліндегі әндерді білу деңгейін көрсетті. Қорытынды үшінші кезеңде үш үздік қатысушы арасында тапқырлыққа негізделген интеллектуалдық сайыс өткізіліп, нәтижесінде жеңімпаз анықталды: 1ПОВТ-26Б тобының студенті Латенов Саят.
Іс-шара достық және белсенді атмосферада өтіп, студенттердің танымдық қызығушылығын арттырып, ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын күшейтті.