img

Әдістемелік кеңестің кезекті отырысы аясында «Білім берудегі инновациялар: педагогтердің тиімді тәжірибелері» тақырыбы қарастырылды.

Кездесудің мақсаты – озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, сондай-ақ білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізу болды.

Отырыс барысында келесі шеберлік сабақтары өткізілді: Данченко Татьяна Владимировна  «Педагогикалық қызметтің 7 тиімді дағдысы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізіп, заманауи педагогтың негізгі құзыреттіліктерін ашып көрсетті және кәсіби тиімділікті арттырудың практикалық құралдарымен бөлісті.

Исакова Асель Маратовна және Жаксалыкова Кунсулу Салыковна  «Куратор – көшбасшы, тәлімгер, шабыттандырушы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізіп, куратордың білім алушылардың тұлғасын қалыптастырудағы және ынталандырушы білім беру ортасын құрудағы рөліне ерекше назар аударды.

Іс-шара қатысушылары ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын, өзектілігін және оларды күнделікті педагогикалық қызметте қолдану мүмкіндігін атап өтті.

Отырыс кәсіби ынтымақтастық атмосферасында өтіп, тәжірибе алмасу мен жаңа идеялардың алаңына айналды.