img

Кеше кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектепке бару жүзеге асырылды. Іс-шараға 9-сынып оқушылары үш сынып қатысты. Кәсіби бағдар беру жұмысын «КИнЭУ жоғары кәсіпкерлік колледжі» Техникалық бөлім меңгерушісі Смағұлов Бегайдар Зарылханұлы жүргізді. Кездесу барысында білім алушылар одан әрі білім алу мүмкіндіктері және кәсіби өзін-өзі айқындау мәселелерімен таныстырылды.Сондай-ақ оқу бағыттары, қабылдау талаптары мен мансап мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды және студенттеріне арналған жеңілдіктерге ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шарада барлық қатысушыларға колледжге қабылдау және оқу бағдарламалары туралы ақпараттық буклеттер таратылды.