img

2026 жылғы 21 қаңтар «КИнЭУ Кәсіпкерлік колледжі» жекеменшік мекемесіне ресми түрде «Жоғары» мәртебесі берілді.

Бұл мәртебенің берілуі колледждің білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін, оқытушылар құрамының кәсібилігін және білім беру жүйесінің заманауи талаптарына толық сәйкестігін растайды. Аталған жетістік —колледж дамуының маңызды кезеңі және ұжымының жүйелі еңбегінің нәтижесі.

«Жоғары» мәртебесі студенттер мен талапкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, серіктестер тарапынан сенімді арттырады және колледжде білім беру сапасының жоғары стандарттарға сай екенін дәлелдейді.

Колледждің дамуына үлес қосқан оқытушыларға, студенттерге, түлектерге және серіктестерге алғысымызды білдіреміз. Біз заманауи әрі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін қалыптастыра отырып, алға қарай нық қадам басуды жалғастырамыз.