img

27–29 қаңтар аралығында Қостанай қаласында колледждер арасында облыстық Ұлттық студенттік лиганың мини-футболдан қалалық кезеңі өтті.

Жарысқа Қостанай қаласы мен облысынан 7 колледж қатысты:

  • Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі
  • Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі
  • Қостанай гуманитарлық колледжі
  • Қостанай құрылыс колледжі
  • Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі
  • Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі
  • КИНЭУ Кәсіпкерлік колледжі

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша КИНЭУ Кәсіпкерлік колледжінің командасы жүлделі II орынға ие болды. Команда жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Спортшыларымызды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!