КГКП «Рудный политехникалық колледжінде» колледждің 70 жылдығына арналған «Менің мамандығым. Өндірістегі тәжірибем» атты өндірістік практика қорытындылары бойынша халықаралық есептер конкурсы өтті.
Іс-шара қатысушыларды тіркеу және салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Конкурстың негізгі бөлімі секциялық жұмыстар форматында өтті. Студенттер энергетика және автоматтандыру, көлік және көлік технологиялары, машина жасау және металл өңдеу, қызмет көрсету саласы және экономика, құрылыс, сәулет және дизайн, ақпараттық технологиялар, білім беру және өнер бағыттары бойынша баяндамалар мен презентациялар ұсынды.
Конференцияға біздің колледждің студенттері қатысты:
Скачкова Арина – «Менеджмент» мамандығы,
Бортасова Аяжан – «Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы,
Курченко Артём – «Машина жасау технологиясы» мамандығы.
Конкурс қорытындысы бойынша Курченко Артём 3-орынды иеленіп, өндірістік практика нәтижелерін лайықты түрде қорғады.
Ғылыми жетекшісі – Федотов Александр Вячеславович.