Колледж оқытушылар командасы «Көңілді старттар» спорттық жарысында І орын иеленді
Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің 70 жылдығына орай оқытушылар арасында «Көңілді старттар» атты спорттық іс-шара өткізілді. Аталған жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдық рухты нығайтуға бағытталды.
Жарысқа колледжіміздің келесі оқытушылардан құралған командасы қатысты: Муратов Б.А., Есмурзаев С.А., Касымханов С.С., Алимова Ж.К., Шолохова И.С., Клышбаева Д.К. Аталған команда жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. . Іс-шара бағдарламасына эстафеталық жарыстар, сондай-ақ шаңғы және тюбинг бойынша сайыстар кірді. Жарыстар «Рекорд» спорт кешенінде және «Алтын Қырғауыл» демалыс базасында өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша колледжіміздің командасы І орынды иеленіп, оқу ордамыздың абыройын асқақтатты. Бұл жетістік оқытушыларымыздың өз саласының білікті мамандары ғана емес, сонымен сонымен қатар белсенді әрі спортты жанына серік еткен жандар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз