Бүгін ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің Поволж мемлекеттік колледжімен «Білім саласында халықаралық ынтымақтастық: тәжірибе алмасу және болашақ мүмкіндіктер» атты онлайн-кездесуі өтті.
Телекөпірді колледж директоры Анатолий Иванович Казаков ашты. Ол өз сөзінде оқу орнының құрылу тарихы туралы айтып, қазіргі таңда колледждің машина жасау, ақпараттық технологиялар және экономика бағытында мамандар дайындайтынын атап өтті.
-Қашықтыққа қарамастан, кездесуге және танысуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Қазіргі таңда білім беру саласы ашықтықты, ынтымақтастықты және үздіксіз дамуды талап етеді. Бүгінгі кездесу біздің ынтымақтастығымыздың алғашқы қадамы болады деп ойлаймын, – деді Анатолий Иванович.
ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің өкілдері оқу бағыттары, материалдық-техникалық базасы, жетістіктері және халықаралық жобалары туралы айтып берді.
Өз кезегінде Поволж мемлекеттік колледжінің директоры Александр Викторович Шуваткин өз оқу орны туралы айтып, оның орынбасарлары тәрбиелік жұмыстар мен жаңа реформаларға тоқталды. Ол тәжірибе алмасуға, бірлескен дөңгелек үстелдер өткізуге дайын екендігін білдіріп, тіпті қонаққа шақырды.
Кездесу соңында тараптар бір-бірінің білім беру жүйесін танып, серіктестік қарым-қатынасты әрі қарай дамытуға ниетті екендерін жеткізді.