«Бумеранг добра» еріктілер ұйымы университет студенттерімен бірлесіп «Жануя» балалар үйінде өткен экологиялық челленджге қатысты. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Еріктілер балаларға қоқысты бөлек жинаудың маңызын ойын түрінде түсіндіріп, қайта өңдеуге болатын материалдармен таныстырды және оның қоршаған орта үшін қаншалықты маңызды екенін айтты. Сабақтың қызықты әрі түсінікті өтуі үшін көрнекі материалдар, интерактивті тапсырмалар мен шағын ойындар ұйымдастырылды.
Бұл экологиялық челлендж жастардың балаларды шабыттандырып, экологиялық жауапты ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесін қоса алатынын айқын көрсетті.