2025 жылғы 17 желтоқсанда “ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі” ЖМ базасында студенттердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шара аясында колледж студенттері қаржылық сауаттылық негіздеріне арналған оқыту бейнематериалдарымен және бейне сабақтарымен танысты. Ұсынылған материалдарда жеке қаржыны ұтымды басқару, бюджетті жоспарлау, қаражатқа жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ қаржылық қауіпсіздік негіздері сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.
Бейнематериалдарды қарау студенттерге күнделікті өмірде де, болашақ кәсіби қызметте де қажетті пайдалы білім алуға мүмкіндік берді. Қаржылық жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, қаржылық тәуекелдерді талдай білу және ойластырылған шешімдер қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің қаржылық мәдениетін дамытуға, қаражатты өз бетінше және сауатты басқару дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ олардың болашақта кәсіпкерлік қызметті жүргізуге дайындық деңгейін арттырады.
ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі әрі қарай студенттерді жан-жақты дамытуға және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.