img

2тм-19б тобының” ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі ” ЖМ студенті
Бримжанов Ерасыл колледжді қазақ күресі бойынша жарыстарда табысты таныстырып, дайындық пен спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

6 желтоқсанда Ерасыл қазақ күресі бойынша “Жас Барыс” облыстық чемпионатына қатысып, 70 кг салмақ дәрежесінде 3 орын алды.

Сондай-ақ, 11 желтоқсанда Арқалық қаласында Нұрғалиев Қонысқар Нұрғалиұлын еске алуға арналған Қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Осы беделді турнирде Бримжанов Ерасыл 70 келі салмақ дәрежесінде 2 орын алды.

ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі өз студенттерінің спорттық жетістіктерімен мақтанады және Ерасылға одан әрі жеңістер, мықты денсаулық және спорт аренасында жаңа табыстар тілейді.