2025 жылдың 25 қарашасында Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған Психологиялық қолдау апталығының тұжырымдамасы аясында педагог-психолог Ж.К.Алимова «Жетістік ағашы» акциясын өткізді. Іс-шара позитивті ойлау мен өзін-өзі бағалауды дамытуға бағытталған: қатысушылар өздерінің жеке жетістіктері мен маңызды мақсаттарын символдық ағашқа орналастырып, қолдау мен шабыт атмосферасын құрады.