img

20 қараша күні теміржол-экономикалық пәндер онкүндігі аясында колледж оқытушысы Жаксалыкова Қунсулу Салыққызы педагогтар арасында көңілді музыкалық викторина «Әуенді тап» сайысын өткізді.

Шара барысында қатысушыларға танымал әндердің қысқа фрагменттері ұсынылып, олардың міндеті музыкалық үзіндіні тыңдай отырып, әннің атауын немесе орындаушысын мүмкіндігінше жылдам анықтау болды. Викторина бірнеше тақырыптық кезеңдерден тұрды, бұл ойынды одан да динамикалы әрі тартымды етті.

Жылы да достық атмосфера, сайыстың қызығы мен сүйікті әуендер шараға ерекше реңк беріп, қатысушылардың көңіл-күйін көтерді және оларды бір ортаға біріктірді.