Бүгін техникалық бөлім студенттері үшін “ЭПК-FORFAIT” ЖШС компаниясының өкілі — бас инженер Жаслан Клышевпен қонақ дәріс өтті.
Жаслан кәсіпорынның қызметі, өндірістің заманауи технологиялары және машина жасау саласындағы жас мамандарға қойылатын талаптар туралы айтып берді. 💡
Спикер кәсіби дайындық, еңбек тәртібі және практикалық дағдылардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Студенттер қызығушылықпен сұрақтар қойып, өз әсерлерімен бөлісті және болашақ мансап үшін құнды кеңестер алды.
👏 “EPK-FORFAIT” ЖШС-не біздің студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қосқан үлесі және ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!
# Кәсіпкерлік колледжі #техникалық бөлім #Машина жасау # EPKFORFAIT #қонақтар кеші # өндіріс #мамандық # ынтымақтастық