
Мұғалімдер күніне орай “ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі“ ЖМ — де “Алғыс алаңы“ атты виртуалды көрме өтті. Іс-шара мұғалімдерге студенттерді оқытуға, тәрбиелеуге және қолдауға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіруге арналды.
Іс-шара мұғалімдерге студенттерді оқытуға, тәрбиелеуге және қолдауға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіруге арналды.
Колледж студенттері дайындаған мерекелік құттықтауға ерекше назар аударылды. Бейнероликте олар өз оқытушыларына шын жүректен алғыстарын білдіріп, жылы лебіздері мен тілектерімен бөлісті.
Виртуалды көрме барлығына мұғалім еңбегінің маңыздылығын және шын жүректен айтылған алғыс сөздерінің қаншалықты маңызды екенін еске салды.