
25 қыркүйекте Арқалық қаласында көрнекті қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйыдастырылған «Ұлы дала жорығы” халықаралық марафоны аяқталды.
Іс-шараға еліміздің маңызды мәдени және тарихи оқиғаларын қолдай отырып, бірлік пен патриотизм рухын көрсеткен колледж студенттері Жерибко Илья, Тулегенов Дархан, Коржица Константи белсенді қатысты.
Марафон халықтың бірлігі мен оның дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға деген ұмтылысының жарқын үлгісі болды.