img

2025 жылғы 27 маусымда электр және жылу энергетикасы саласындағы кәсіби біліктіліктер жөніндегі Салалық кеңестің отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі, сондай-ақ саланың негізгі ұйымдары мен білім беру мекемелерінің өкілдері: «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ,  «Орталық Азия Электр энергетикалық Корпорациясы» АҚ, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестік өкілдері, ҚР БжҒ министрлігіне қарасты ЖОО-лар Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің өкілдері, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ҰКБ орталығы, осы саладағы кәсіпорындарының жұмыс берушілері қатысты.

Отырыста электр және жылу энергетикасы саласы бойынша кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер мен салалық құрылымдар арасындағы тұрақты өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтті.

Бұл іс-шараға арнайы пәндер оқытушысы Солонская Богдана Валерьевна қатысты. Өз сөзінде дуалды оқыту проблемаларына, кәсіби стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының аспектілеріне және түлектерді жұмысқа орналастыруға тоқталды.

Кәсіби стандарттарды әзірлеу және оларды өзектендіру бойынша белсенді қызметі үшін Б.В. Солонская ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.