
13 мамырда Дене шынықтыру және АӘТД ПЦК онкүндігі аясында спорт ардагері халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы Әлем чемпионы Сергей Николаевич Поликарповпен сыныптан тыс кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру және салауатты өмір салты саласындағы білімді қалыптастыру. Студенттерді белсенді дене тәрбиесі-спорттық әрекетке қатыстыру.
Сергей Николаевич «Денсаулық және салауатты өмір салты» тақырыбында сұхбат өткізді. Балалар белсене қатысып, түрлі сұрақтар қойып, кез келген жаста дене шынықтырумен және спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға болады деген қорытындыға келді.