img

Колледж оқытушылары Б. З. Смағұлов, А. Н.Жанузакова, И. Е. Алқамбай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (профиль бойынша)» мамандығы бойынша облыстық қашықтықтан олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ және «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК ұйымдастырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Б. З. Смағұлов III дәрежелі дипломмен, А. Н. Жанузакова, И. Е. Алқамбай сертификаттармен марапатталды.