img

Халықаралық ынтымақтастық аясында, колледж жыл сайын Барнаул темір жол көлігі лицейінің ұйымдастыруымен математика және физика пәндері бойынша өлкелік олимпиадаға қатысады.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды және талантты жастарды анықтау, математика және физика пәндерін тереңдетіп оқытуға қызығушылықты арттыру, кәсіби білім сапасын арттыру. Олимпиада онлайн форматта өтті, бұл әртүрлі аймақтардан келген студенттердің көбірек қатысуына мүмкіндік берді.
Математика пәні бойынша олимпиадаға 1ПОВТ-23Б тобының студенті Коваленко Дмитрий, 1УА-21Б тобының Даукша Евгений, физика пәнінен Рахметова Альбина қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Даукша Евгений 3-орын иеленді, қалған жігіттер сертификаттарға ие болды.
Құттықтаймыз! Сізге жаңа жеңістер тілейміз!