
КМҚК «Рудный политехникалық колледжі» ұйымдастыруымен экономика пәнінен «Бизнес трамплині» облыстық байқауы өтті, оған облысымыздан 15 колледжден 27 команданың студенттері мен оқытушылары қатысты. Біздің колледжден Мукумов Адильбек Адильбекович басшылығымен 3Э-22б тобының студенттері – Мекебаев Чингиз пен Хасенов Бахтияр қатысты. Байқау 2 кезеңнен тұрды: студенттер мен оқытушылар экономикасының білімін тестілеу, Canvas құрылымы бойынша әзірленген бизнес-модельді бағалау. Барлық конкурстың қорытындысы бойынша біздің колледж командасы әлеуметтік кәсіпкерлік бағыты бойынша 3 орынға ие болды.