img

Еріктілер қозғалысының жетекшісі Т.В. Данченко өткізген “волонтерлік ұйымның креативті атауы,ұраны, эмблемасы” байқауының нәтижелері бойынша “жақсылық бумерангы” атауымен 1УА-21б тобының командасы жеңіске жетті, оларға қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берді.
Бүгін бұл бумерангты оқытушы И. С. Шолохованың жетекшілігімен 2 ОП-51Б тобының еріктілері іске қосты, “Жүректен жүрекке мейірімділік сыйлаймыз”акциясы өткізілді. Акцияға студенттер мен оқытушылар қатысты, олар бір – біріне хаттар мен валентиндерді белсенді түрде жіберіп, жылулықтары мен күлкілерімен бөлісті, ал “жақсылық пошташылары” еріктілері барлық жолдауларды адресаттарға жеткізді.