img

17 қаңтарда “ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі” ЖМ Қостанай облысы колледждерінің Директорлар кеңесі өтті. Мұндай кеңестер қалалық және ауылдық колледждерге тәжірибе алмасудың тамаша мүмкіндігі болып табылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы Қадыров Серікбай Қамзович директорлар кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтіп, білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылының маңыздылығына және олардың өңірді дамытудағы рөліне назар аударды.
Аталған іс-шараны “ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі” ЖМ Президенті Мамедов Рихсибай Абдурахманұлы және “Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы” ММ басшысының орынбасары Бегатаров Ардақ Құрмашұлы ашты.
Колледж директоры Казаков Анатолий Иванович құттықтау сөз сөйледі.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Холин Евгений Олегович өз сөзінде кәсіби даярлыққа қойылатын заманауи талаптар контекстінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға ықпал ететін оқыту әдістері мен тәсілдерін атап өтті.
Тшанов Жанат Маратұлы – директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары өз баяндамасында білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды интеграциялаудың маңыздылығына және олардың үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі рөліне баса назар аударды.
Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Собар Виталий Анатольевич баяндамасында колледжде дуальды оқытуды енгізу тәжірибесімен, оның артықшылықтары мен білім беру процесінің сапасына, сондай-ақ ҚТЖ ҰК АҚ-мен әлеуметтік әріптес Жаслан Батырханұлы Төрежанов болашақ мамандарды даярлауға әсерімен бөлісті.