img

25 сәуір күні колледжде жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі аясында оқытушылар Мамитанова Лаззат Калижановна, Данченко Татьяна Владимировна, Бектасова Алтынай Аргынгелдиновна ұйымдастырған «Жаңа парақ, жаңа әлем» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараның бірінші бөлімі ойын түрінде өткізілді. «Менеджерлер» командасы мен «Бухгалтерлер» командасы квест сұрақтарын шешіп, «Соғыстың сұрқы әйлге жат» плакаттарын қорғады, «Менеджмент» және «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенттері зенитчица қыздардың монологтарын, 1 курс студенті Кузнецов Егор старшина Васковтың монологын айтты.
Іс-шараның жүргізушілері Захарченко Анастасия және Каким Наргуль көрермендерге блиц-сұрақтар қойды.
Болат Окуджаваның «Қош бол, ұлдар» әні Каким Наргуль орындалуында бәріне ұнады.
Қатысушылар Б. Васильевтің «А зори здесь тихие» әңгімесін еске алды.
Одан кейін шараға қатысушылар Айдарбеков Мирас, Нұрғазы Әлішер, Бондарь Эльза, дель Эвелина, Кузнецов Илья, Скачкова Арина оқыған кітаптары туралы үлкен қуанышпен айтып берді.
Кеш достық жағдайда өтті. Соңында барлығы іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.