img

Жыл сайын колледж оқытушылары «Барнаул теміржол көлігі лицейімен» халықаралық ынтымақтастық аясында педагогикалық оқуларға қатысады.
Педагогикалық оқулардың тақырыбы: «Кәсіптік білім беру ұйымының жұмысындағы педагогикалық дәстүрлер мен инновациялар» халықаралық қатысуымен орта кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымына арналған.

Педагогикалық оқулар мына мақсатта өткізіледі: кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру; кәсіптік білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамының практикалық тәжірибесімен алмасу; орта кәсіптік білім беру жүйесінің үздік педагогтарының іс-тәжірибесін тарату.

Конференция келесі бағыттар бойынша өтті:

1. Орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы білім беру технологиялары.

2. Құндылыққа бағытталған білім беру ортасын қалыптастыру: білім беру, әлеуметтендіру.

3. Педагогикалық дебют (үш жылға дейінгі еңбек өтілі бар оқытушылар).
Колледж оқытушылары барлық секциялардың жұмысына қатысты.

Педагогикалық оқуларда ұстаздарымыз табысты қатысты. 1.2 Орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы білім беру технологиялары бөлімінде 6 оқытушы қатысты: Солонская Богдана Валерьевна, Жанузакова Айгерім Нуржановна, Жаксалыкова Кунсулу Салыковна, Смагулов Бегайдар Зарылханұлы, Астапкова Татьяна Сергеевна, Алкамбай Индира Есенкұлқызы.

Екінші секцияға Бектасова Алтынай Аргынгельдиновна, Алимова Жанна Куанышовна, Тшанов Жанат Маратович, Данченко Татьяна Владимировна қатысты.

Үшінші «Педагогикалық дебют» секциясына оқытушы Федотов Александр Вячеславович қатысты.

Секция қорытындысы бойынша арнайы пән оқытушысы Жаксалыкова Кунсулу Салыковна – 1 орын, педагог – психолог Алимова Жанна Куанышовна – 3 орын және педагог Александр Вячеславович Федотов 3 орынға ие болды. Барлық конференцияға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Педагогикалық оқуларды ұйымдастырушылар колледж директоры Анатолий Иванович Казаков және әдіскер Лаззат Калижановна Мамитановаға қазылар алқасының жұмысына қатысқандары үшін алғыс білдірілді.